INESS-2025 конференциясында ұсынылған ең үздік баяндамалардың авторлары RSC Advances журналында жарияланатын Special Issue INESS-2025 арнайы шығарылымына толық көлемді ғылыми мақала ұсынуға шақырылады дегенді қуана хабарлаймыз.

Бұл INESS-2025 конференциясында ұсынылған жоғары сапалы зерттеулерді химия және оған қатысты технологиялар саласындағы жаһандық аудиториямен бөлісуге тамаша мүмкіндік.

RSC AdvancesҰлыбританияның Химиялық Қоғамы (Royal Society of Chemistry, RSC) шығаратын, ашық қолжетімді, рецензияланатын ғылыми журнал. Журнал химияның барлық салаларын және пәнаралық бағыттарды қамтиды. Scopus және Web of Science базаларына енгізілген. 2024 жылғы импакт-факторы – 4.6. Web of Science бойынша Chemistry, Multidisciplinary санатында Q1 квартильге, ал Scopus бойынша General Chemistry және General Chemical Engineering салаларында 79-процентильге кіреді.


Мақала жариялау ақысы (APC)

Ашық қолжетімділік саясатына сәйкес, RSC Advances журналында мақала жариялау үшін ақы (APC) төленуі қажет. Дегенмен, INESS-2025 қатысушылары үшін ерекше мүмкіндік бар:

Алғашқы 7 қабылданған мақалаға жариялау ақысы толық көлемде INESS-2025 Ұйымдастыру комитетінің және Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының демеушілігімен тегін жабылады (осы қолдауды мақалада көрсету қажет).


Жетекші авторлар үшін қосымша артықшылықтар

RSC Advances журналында жүргізуші (корреспондент) автор ретінде жарияланған жағдайда, сізге бір жылдық тегін RSC Affiliate мүшелігі ұсынылады.

Бұл мүшелік мыналарды қамтиды:

  • Келесі ашық қолжетімді журналдарға мақалалар жариялағанда 15% жеңілдік

  • RSC мүшелеріне арналған ресурстар мен кәсіби даму құралдарына қол жеткізу

Толығырақ ақпарат: https://www.rsc.org/membership-and-community/join/#benefit


Мақала тапсыру талаптары

  • Мақаланың мазмұны журнал тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Толығырақ: [Journal scope and requirements]

  • INES-2025 конференциясына тіркеліп, баяндама жасаған қатысушылар ғана мақала тапсыра алады.

  • Барлық мақалалар редакциялық тексеруден және сараптамалық бағалаудан өтеді – жариялану кепілдендірілмейді.

Мақала ұсынуға ниет білдіру үшін келесі электрондық поштаға хабарласыңыз: iness@nu.edu.kz
Толық мақалаларды тапсырудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 30 қыркүйек

Сіздердің ғылыми еңбектеріңізді асыға күтеміз және INESS-2025 конференциясында кездескенше қуаныштымыз!